» » ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ «KITAPTIME-2026» V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ «KITAPTIME-2026» V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің 30 сарбазы Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «KitapTime-2026» V республикалық кітап фестиваліне белсене қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар мен әскери қызметшілердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-патриоттық тәрбиені нығайту және ағартушылық бастамаларды қолдау.

Фестиваль барысында әскери қызметшілер кітапхана қорымен, сирек кездесетін басылымдармен танысып, түрлі мәдени-ағартушылық платформалардың жұмысын тамашалады. Мұндай шаралар сарбаздардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ұлттық ұлан қатарында әскери шеберлікті арттырумен қатар, сарбаздардың рухани және кәсіби дамуына да баса мән беріледі. Кітап оқу мен білімге ұмтылу – саналы, жауапты әрі тәртіпті азамат қалыптастырудың маңызды негізі. Бұл ретте рухани тұрғыдан кемелденген, заң талаптарын құрметтейтін және Отан алдындағы борышын адал атқаратын әскери қызметшілерді тәрбиелеу «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етеді.
14 қыркүйек 2026 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30