» » «Кітапхана түні - 2026» акциясы өткізілді

«Кітапхана түні - 2026» акциясы өткізілді

Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне арналған «Кітап – білім бастауы» атты апталық аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана түні-2026» акциясы өткізілді.

Кітап оқуды насихаттау, адам­гершілік тәрбие мен рухани байлық, әлемді тану мен білімге жетелейтін орта – кітап­ханаға келуді қоғамның руха­ни дәстүріне айналдыруды мақсат еткен бұл акцияда кітапхана қызметкерлері қызықты шаралар ұйымдастырды.

Атап айтқанда, түн қонақтары үшін «Ымырттағы оқулар», жаңа кітаптар көрмесі мен инсталляциялар, түрлі интеллектуалды сайыстар, кинокөрсетілім, караоке, «Тағдырлар сөйлейді» атты кітап кейіпкерлерінің шеруі, ұлттық ойындар мен «Кітап құрттары» клубы мүшелерінің қатысуымен кітап талдау және «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы, «Әжемнің ертегілері» жобасы бойынша дауыстап оқулар өткізілді. Зиялы қауым, БАҚ өкілдері, қаламгерлер, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана қызметкерлері және жастар түнгі кітапхананың қадірлі қонақтары болды.

Күні бойы жұмыстан қолы босамай кітапханаға келуге уақыты тапшы барша қонақтар үшін кітап қорымен танысып қана қоймай, ой бөлісуге, шабыттануға, рухани байланыс орнатуға толықтай мүмкіндік туды.
19 сәуір 2026 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30