» » Кітап және қаламгер

Кітап және қаламгер

24 қазан - Кітапханашылар күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында "Кітап және қаламгер" атты республикалық семинар болып өтті. Іс шарада кітапхана саласының өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген әріптестеріміз марапатталды.
Қазақстандық кітапханалық одақтың "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Шынарбаева Мархабат, "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгісімен Қармақшы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бадырақ Гүлнар, Облыстық кітапхана басшысының Алғыс хатымен ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының кітапханашысы Рима Тұрманова мен аудандық кітапхананың кітапханашысы Марияш Қарамановалар марапатталды.
Семинар барысында облыс кітапханашыларының қатысуымен «Өрелінің өрісі кең» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға 7 аудан, қала және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 7 адамнан құралған 9 команда қатысты. Кітап, кітапханалар тарихы, шығармалар желісі және түрлі салалар бойынша логикалық сұрақтар қойылды. Ойын қызықты және тартысты өтті. Әділқазылар шешімімен ІІ орынды Қармақшы ауданының кітапхана мамандарынан құрылған «Қорқыт елі» командасы иеленді. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!
22 қазан 2024 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031