» » Кітапханашылар бақ сынасты

Кітапханашылар бақ сынасты

qarmaqshy-tany.kz Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақжар ауылында «Ауылдық кітапхана. Жаңа кезең – жаңа жұмыс түрлері» атты кітапханашылардың кезекті зерделі кеңесі өтті. Басты мақсат – Ақжар ауылдық кітапханасының жұмысымен танысу, кітапханашылар бір-бірімен тәжірибе алмасу.
Жиын «Кітапхана – мақтанышым, кітапханашы – мамандығым» атты жас кітапханашылар байқауымен жалғасты. Байқауда 6 кітапханашы бақ сынасып, 5 бөлім бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Қалдыгүл Досмағанбетова, кітапхана қызметкері Айгүл Әбжәмиқызы, Ақжар ауылының әкімі Нұржамал Тұрсынбаева төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Ақжар ауылының кітапханашысы Ақмарал Әміралиева, ІІ орынды балалар кітапханасының кітапханашысы Меруерт Бөгенбаева, ІІІ орынды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ұлжан Өтешова иеленді. Ал балалар кітапханасының кітапханашысы Жаңагүл Ұзақбаева, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Мөлдір Жазықбаева, кент кітапханасының кітапханашысы Лаура Демеуова аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
А.САҒЫНТАЙ
22 қазан 2022 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930