» » Қызылордада 5547 әскери бөлімінің сарбаздары «Отбасы құндылықтары – ұлт болашағы» атты рухани-мәдени шараға қатысты

Қызылордада 5547 әскери бөлімінің сарбаздары «Отбасы құндылықтары – ұлт болашағы» атты рухани-мәдени шараға қатысты


Қалалық мәдени-демалыс паркінде «Отбасы құндылықтары – ұлт болашағы» атты ашық аспан астындағы тағылымды мәдени шара өтті. Шаңырақ берекесін арттырып, ұлттық тәрбие мен дәстүрді дәріптеуге бағытталған рухани кешке ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің жеке құрамы мен жас сарбаздары арнайы қатысып, патриоттық рух танытты.

Кеш барысында елге белгілі зиялы қауым өкілдері, теолог-дінтанушы Б.Оспанов, «Құрмет» орденінің иегері, ақын М.Байдәулетов, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері М.Ниязов және ҚР Мәдениет саласының үздігі, жырау М.Сүгірбай сөз сөйлеп, отбасы институтын нығайту, әке мәртебесі мен ана қадірі төңірегінде терең ой қозғады. Шара аясында әуезді әндер шырқалып, термелер мен жүрекке жетер жырлар орындалды.

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 5547 әскери бөлімінің жас сарбаздары үшін бұл кеш ұлттық құндылықтарды бойға сіңіріп, рухани азық алатын тағылымды кездесуге айналды. Кеш соңы ел ағасы Келдібай Бектұрғановтың арнайы берген ақ батасымен қорытындыланды.
03 тамыз 2026 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 842
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930