» » 5547 әскери бөлімінде жас сарбаздарға салтанатты түрде қару тапсырылды

5547 әскери бөлімінде жас сарбаздарға салтанатты түрде қару тапсырылды


Бүгін ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде 1-2026 шақырылымының жас толықтырушыларына жеке қару-жарақты салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты жиын әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын алаңға алып шығумен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын асқақтата орындаумен басталды. Жеке құрам алдында қару бекіту туралы ресми бұйрық оқылып, әрбір жас жауынгерге Отанды қорғаудың айбынды құралы — өзіне тиесілі қару-жарағы табысталды.

Қару тапсыру рәсімінен кейін бөлім командирі, подполковник Ж. Беркенов жас сарбаздарға арнау сөз сөйлеп, бұл күннің әскери өмірдегі орны бөлек екенін атап өтті. Ол жас жауынгерлерді ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін сенімді қорғауға және әскери антқа адал болуға шақырды.

Шара соңында жас сарбаздар саптағы темірдей тәртібін көрсетіп, салтанатты маршпен жүріп өтті. Бұл маңызды күн жас толықтырушылардың әскери рухын көтеріп, ел мен жер алдындағы жауапкершілігін тереңдеткен тарихи сәт болды.
29 шілде 2026 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 842
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930