» » Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде жазғы оқу кезеңіне дайындық басталды

Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде жазғы оқу кезеңіне дайындық басталды

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде оқу-материалдық базаны жаңарту, техникалар мен қару жарақтарды жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру бойынша жұмыстар басталды.
Қазіргі уақытта Қарулы күштерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмалары орындалып жатыр.
Әскери техника мен қару-жарақты жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстары жеке құрамға қауіпсіздік шаралары ережелерін, қызмет көрсету тәртібі түсіндіруден басталды. Әскери қызметшілерге техникалық жұмыстар басталар алдында әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізілді.
– Жоспарға сай өтетін жазғы кезеңге ауыстыру жұмыстары маңдызды шара. Ауысым жұмыстары барысында техникалар толықтай тексеріліп, анықталған ақаулары қалпына келтіріледі. Әскери техникаларды жақсы жағдайда ұстау әрбір әскери қызметшінің міндеті», – дейді әскери бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Рахымжан Әнуаров.
Ауа мен отын сүзгілерін, техникалық бұйымдарды, жанар-жағар майлардың қысқы сорттарын жазғы түріне ауыстыру сияқты шаралары кезінде негізгі жүктеме механик-жүргізушілерге, барлық командирлер мен техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлардың иығына түседі.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант  Мұхит Қонаров
05 мамыр 2022 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031