» » «CREATIVE AIMAQ»: ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КРЕАТИВТІ КЕҢІСТІГІ АСТАНА ТӨРІНДЕ

«CREATIVE AIMAQ»: ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КРЕАТИВТІ КЕҢІСТІГІ АСТАНА ТӨРІНДЕ


12–13 қыркүйек күндері Астана қаласында «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында «Тамырдан туындыға…» атты көрме-жәрмеңке өтіп жатыр.
Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрлері Евгений Кочетов, Айбек Сыдықов, Креативті индустриядарды дамыту қорының басқарма төрағасы Ерлан Қаналимов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, елордалық тұрғындар қатысты.
Жоба Сыр өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын заманауи шығармашылықпен сабақтастырып, ұлттық құндылықтарды жаңа форматта танытуға және тың идеяларды жүзеге асыруға арналған.
Іс-шараға 100-ге жуық креатор қатысып, 21 экономикалық қызмет бағыты бойынша авторлық туындылары мен шығармашылық өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Келушілер Сыр бойының басты брендтерінің біріне айналған ақ күріштен салынған бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Шығармалар күріштің өңір тарихы мен тұрмысындағы маңызын, Сыр елінің табиғаты мен мәдени ерекшелігін танытады.
Сонымен қатар көрмеге дәстүрлі қолөнер мәдениетін дәріптейтін сүйек, ағаш және киізден жасалған ұлттық бұйымдар қойылған. Әр бұйымда Сыр бойына тән ұлттық нақыш, дәстүрлі өрнек және табиғи материалдарды өңдеудің өзіндік шеберлігі көрініс тапқан.
Креативті алаңда Qyzylorda Hub мамандары өз жобаларын, «Qyzylorda» телеарнасы «Syr Travel», «Qyzylorda Expedition», «Құдайы қонақ» секілді креативті жобаларын таныстырады.
Сонымен қатар екі күн бойы Qazaq Creative Hub алаңында Сыр өңірінің өнерпаздары жасанды интеллект технологияларын шығармашылықпен ұштастырған концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынады.
Айта кетейік, аймақта креативті индустрияны дамыту бағытында белсенді жұмыс істеп келе жатқан 146 креатордың 120-сы, яғни 82,2 пайызы республикалық креаторлар реестріне енгізілген. Бұл көрсеткіш Қызылорда облысын республика өңірлері арасында алғашқы үштікке орнықтырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

12 қыркүйек 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 828
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930