» » Жаңбырлы әрі салқын демалыс күндері: Қазақстанда 12–14 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Жаңбырлы әрі салқын демалыс күндері: Қазақстанда 12–14 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері – 12–13 қыркүйекте, сондай-ақ 2026 жылғы 14 қыркүйек, дүйсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, елдегі ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
"Солтүстікте жылы әрі құрғақ күндерден кейін күн айтарлықтай салқындайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал еліміздің оңтүстігінде жылы ауа райы сақталады.
Батыс өңірлерде ауа райы біртіндеп тұрақталады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріле бастайды.
Күндіз солтүстікте ауа температурасы +13...+20°С-қа дейін, орталық өңірлерде +15...+25°С-қа дейін төмендейді. Батыста күн біртіндеп жылынып, ауа температурасы +20...+30°С-қа дейін көтеріледі.
Қазақстан бойынша 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
12 қыркүйек 2026 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30