» » Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты екі күнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы екі күнде елдің біраз аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Демалыста республиканың барлық аумағында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады, ал республиканың солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 5-6 шілдеде күндіз батыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстік-батыста +40°C-қа дейін, ал солтүстік-батыста +35°C-қа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде бүкіл кезең бойы +35…+37°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады.
Еске салайық, бүгін ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ күтіледі.
04 шілде 2026 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930