» » «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: МАМАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: МАМАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ


Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік әлеуетін арттырып, білікті мамандарға жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылға жұмыс істеуге келген мамандарға бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде.

Бүгін «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен баспасөз брифингінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бағдарлама ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Негізгі қолдау шараларының қатарында біржолғы көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ұсыну қарастырылған.

2026 жылы Қармақшы ауданы бойынша бағдарлама аясында 50 маманға көтерме жәрдемақы беру үшін 21 млн 625 мың теңге бөлінді. Биыл ақпан айында 50 маман толықтай көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 20 маманға тұрғын үй сатып алу үшін қаржы қарастырылған.

Жыл соңына дейін бағдарлама аясында бөлінген қаражат қаржылық жоспар мен кезектілікке сәйкес толық игерілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 қыркүйек 2026 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 816
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 098

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930