» » «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енді мемлекеттік қызметшілер де қатыса алады

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына енді мемлекеттік қызметшілер де қатыса алады

Елімізде 2009 жылдан бері ауылдық елді мекендердегі кадр әлеуетін күшейту, кәсіби мамандарды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
Осы уақытқа дейін әлеуметтік қолдау ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көрсетіліп келген болатын.
Еліміздегі кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне деген орын алып келген кадрлардың тапшылығын жойып,білікті кадрларды тарту арқылы ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығымен өзгерістер енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілді.
Жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндігі беріліп отыр.
Осыған сәйкес, қазіргі таңда аталған бағдарламағакенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппаратының бас және жетекші мамандары үміткер бола алады.
Яғни, ауылдық жерде жұмыс істеп, тұруға келген жас мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бюджеттік кредиттер алуға мүмкіндігі беріледі.
Мысалы, көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік несие 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі.
Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін барлық диплом алған мамандардың бірден жұмысқаорналасудың сәті түсе бермейтіндігі және жұмыс берушілеркөбінесе жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға мүдделі екендігі белгілі.
Бұл жағдайда, ЖОО бітірген түлектерге «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарлама көмекке келеді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
-жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
-жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
-көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
- Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
-жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
-Кредиттік бюродан есеп.
Құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
Бағдарламаға қатысқан маман бағдарлама шарты бойынша ауылдық округте кемінде 3 жыл жұмыс жасауы міндетті.
Мемлекет Басшысының мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аталған өзгерістер мен толықтырулар нәтижесінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстық рәсімдерді өткізбестен тағайындалу құқығы бар тұлғалардың шеңбері кеңейтіліп, мемлекеттік қызметке кіру шарттары біршама жеңілдетілді.
Осыған сәйкес, қазіргі таңда, мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерінің келісу бойынша конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалу мүмкіндігі беріліп отыр.
Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.
Сонымен қатар алдағы уақытта еліміздің барлық аймағында Өңірлік жастар кадр резервтерін құрылу жоспарлануда.Бұл өңірлердегі жастарға әлеуметтік лифт болмақ. Қазіргі кезде өңірлік резервке қа¬тысты тү¬зетулерді заңға енгізу және ұйы쬬дастыру бойынша жұ¬мыстар пысықталып жатыр.
Осы ретте, жоғары оқу орындарының жас түлектеріне жоғарыда аталған мемлекет тарапынан жасалып жатқан игіліктерді тиімді пайдалануға шақырамыз.
ШЫНТАСОВ ЖАСҰЛАН ҚАНИБАЙҰЛЫ,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы 

14 наурыз 2023 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031