» » Жастар үшін тиімді бағдарлама

Жастар үшін тиімді бағдарлама

qarmaqshy-tany.kz «Дипломмен ауылға» жобасы 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Ауылды тұрғылықты пункттерінде әлеуметтік салалардың қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.Онда ауылды тұрғылықты пункттеріне өмір сүру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын, яғни Заңмен мамандарға келесілер ұсыну қарастырылған. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, өнер және 2021 жылдан бастап мал дәрігері.
Осы мамандар қажет ауылда өмір сүру және жұмыс істеу үшін қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден келгендерге 70 АЕК, яғни 176 750 теңге көтерме ақы бір жолғы жәрдемақыны төлеу және 1500 АЕК, яғни 3 787 500 теңге 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жыл мерзімге арналған тұрғын үй алуға және құрылысы үшін бюджеттік несие, сонымен қатар ауылды тұрғылықты пункттерінде орналасқан әлеуметтік салалар мекемелерінің мамандарына қызметтік еңбекақыларын 25% жоғарылату қарастырылған.
Ал, енді жобаға кімдер қатыса алады деген сұраққа келер болсақ, оған жаңа ғана диплом алған оқу орындарының түлектері мен бес жылдан кем емес мерзімге өмір сүру және жұмыс істеу үшін ауылға келген еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады.
Келесі кезекте бағдарлама жастарға не береді деген сұраққа жауап іздер болсақ, ол жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтермеақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елді мекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% мөлшердегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Егер сіз өз қызметіңізді ауылдық жерде 5 жылдық жұмыс өтеушілікпен әлеуметтік сала мекемелерінде денсаулық, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салалары бойынша бастаймын немесе жалғастырамын десеңіз, онда келесідей мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие боласыз.
Яғни, көтерме жәрдемақы, айлық есептік көрсеткіштің жетпіс еселік көрсеткіші, бюджет несиесі, айлық есептік көрсеткіштің алты жүз отыз еселік көрсеткіші, ауылдық жерде тұрғын үй алу үшін маманға аталған сома көлемінде баспана алу ұсынылады немесе маман өз есебінен қосымша шығын шығарады. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерге арналған республикалық бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік сала мекемесі маманының қызметтік айлығы өсіріледі. Және де маман ретінде аталған әлеуметтік қолдауларға ие болу үшін сіз ауданның ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.
Ал, енді біздің ауданда осы жоба бойынша нендей жұмыстар атқарылуда екенін білу мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы Индира Төлеуовадан сұрап білген болатынбыз.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өткен жылы 75 маманға 22972,5 мың теңге көтерме жәрдемақы, жекелейге шаққанда 1 маманға 306,3 мың теңге және 50 маманға 229725,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға, яғни 1 маманға 4594,5 мың теңге жеңілдетілген несие алу үшін қаржы бөлінді. Оның ішінде, көтерме жәрдемақы алған мамандарды сараптар болсақ, білім беру саласы бойынша 38 маманға 11639,4 мың теңге, денсаулық сақтау саласының 22 маманына 6738,6 мың теңге, спорт саласы бойынша 9 маманға 2756,7 мың теңге, агроөнеркәсіптік кешені 5 маманына 1531,5 мың теңге және мәдениет саласындағы 1 маманға 306,3 мың теңге төленді.
Ал енді жоба аясында тұрғын үй алған мамандар жайлы айтар болсақ, 28 білім беру саласының маманына 128646,0 мың теңге, денсаулық сақтау саласының 13 маманына 59728,5 мың теңге төленсе, сонымен бірге 5 спорт саласының маманы 22972,5 мың теңге, агроөнеркәсіптік кешен бойынша 1 маман 4594,5 мың теңге және мәдениет саласының 3 маманы – 13783,5 мың теңге алды. Бағдарлама бойынша биылға 55 маманға 18975,0 мың теңге көтерме жәрдемақы, оның ішінде 1 маманға 345,0 мың теңге және 55 маманға 284625,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға, яғни 1 маманға 5175,0 мың теңгеден жеңілдетілген несие алу үшін қаржы бөлінді», – деді ол.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы талай жастың жолын ашып, үлкен өмірге қадам басуына көмектескені белгілі. Жоба аясында жалынды жастар ауыл-ауылға жол тартып, бұқара үшін қызмет етіп қана қоймай, өз тұрмысын да түзеуге мүмкіндік алды. Ең әуелі бірреттік көтерме жәрдемақысына, кейіннен баспана үшін тұрғын үй несиесіне де қол жеткізді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
10 қаңтар 2023 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031