«Дипломмен ауылға» – берері көп бағдарлама
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылы іске қосылғаннан бері жас мамандар үшін тиімді екенін дәлелдеп келеді.
Бағдарламаға тек қалаға барған жас мамандар ғана емес, сол елді мекенде бұрыннан тұрып немесе қоғамның әр түрлі саласында жұмыс жасап жүрген кез келген азамат қатыса алады. Бұл жоба ауылдық елді мекенді көркейту үшін білікті мамандардың тұрақтап қалуына жағдай жасайды.Осындай керемет мүмкіндіктердің барын азаматтардың бірі білсе, бірі білмей жатады.
Осы ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент)«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)аясында 2022 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету»мемлекеттік көрсетілетін қызметінеталдау жұмыстары жүргізілді.
Бағдарлама аясында«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша облыс көлемінде 889 маманға 4296514,3 мың теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілген, оның ішінде: білім саласы – 519 маманға, денсаулық сақтау саласы – 242 маманға, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 4 маманға, мәдениет саласы – 26 маманға, спорт саласы – 50 маманға, агроөнеркәсіп кешен саласы – 39 маманға, мемлекеттік қызметшілер – 9 маманға.
Сонымен қатар, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру» бойынша 1052 маманға 336229,4 мың теңге, оның ішінде: білім саласы – 645 маманға, денсаулық сақтау саласы – 278 маманға, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 7 маманға, мәдениет саласы – 22 маманға, спорт саласы – 54 маманға, агроөнеркәсіп кешен саласы – 36 маманға, мемлекеттік қызметшілер – 10 маманға берілген.
2022 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша Қазалы ауданы (306)(денсаулық сақтау саласы бойынша – 95, білім беру саласы бойынша – 159, мәдениет саласы бойынша – 7, спорт саласы бойынша – 21, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 24), Қызылорда қаласы (220)(денсаулық сақтау саласы бойынша – 66, білім беру саласы бойынша – 139, әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша – 4, мәдениет саласы бойынша – 3, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 5, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау бойынша – 3) және Сырдария ауданы(199)(денсаулық сақтау саласы бойынша – 38, білім беру саласы бойынша – 121, мәдениет саласы бойынша – 10, спорт саласы бойынша – 16, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 7, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау бойынша – 7) көшбасында келеді.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданы бойынша 141, Қармақшы ауданы бойынша 110,Жалағаш ауданы бойынша 85, Арал ауданы бойынша 68азаматқа қызметкөрсетілген.
Ал,Шиелі ауданы бойынша көтерме жәрдемақы алуға өтініштер мүлдем түспеген.
2022 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша Қазалы ауданы – 377(денсаулық сақтау саласы бойынша – 136, білім беру саласы бойынша – 179, мәдениет саласы бойынша – 14, спорт саласы бойынша – 21, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 27), Шиелі ауданы (177)(денсаулық сақтау саласы бойынша – 67, білім беру саласы бойынша – 91, мәдениет саласы бойынша – 4, спорт саласы бойынша – 4, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 9, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау бойынша – 2), Жаңақорған ауданы (135)(денсаулық сақтау саласы бойынша – 43, білім беру саласы бойынша – 76, мәдениет саласы бойынша – 2, спорт саласы бойынша – 5, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 9) және Қармақшы ауданы (115)(денсаулық сақтау саласы бойынша – 32, білім беру саласы бойынша – 67, мәдениет саласы бойынша – 6, спорт саласы бойынша – 7, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша – 2, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау бойынша – 1)алдынғы қатарда.
Сондай-ақ, Сырдария ауданы бойынша 106, Қызылорда қаласы бойынша 82, Жалағаш ауданы бойынша 69, Арал ауданы бойынша 34азаматқа қызмет көрсетілген.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта облыс көлемінде тұрғын үй салуға бюджеттік кредит берумемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қызметті алушылардан өтініштер мүлдем түспеген.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, көрсетілген мерзімде«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету»қызметі бойынша облыс көлемінде жалпы көрсетілген1941 мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі білім саласына – 1164(60%) және денсаулық сақтау саласына – 520(26,8%) тиесілі болып отыр.
Әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге 238-і (12,2%) тиесілі. Қалған 19-ы(2022 ж. – 8; 2023 ж. – 11),яғни 1%-ы ғана мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдауға бағытталған.
Қағида талаптарына сәйкес тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие және біржолғы көтерме жәрдемақыменҚызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі арқылы 6 мемлекеттік қызметші, Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі арқылы 1 мемлекеттік қызметші, Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі арқылы 1(2 мемлекеттік қызметші кезектілікте тұр) мемлекеттік қызметші, Сырдария ауданының экономика және қаржы бөлімі арқылы 9 мемлекеттік қызметші, Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі арқылы 2 мемлекеттік қызметші қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, Бағдарлама аясында Арал, Қазалы аудандарының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдері және Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімімен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мемлекеттік қызметшілерге(қаладан, аудан орталығынан немесе бір ауылдан екінші ауылға барып қызмет жасап жатқан барлық мемлекеттік қызметшілер)мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін өтінімдер түспеуі себебінен әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылмаған.
2020 жылы аталмыш жобаға ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қосылғанымен, талдау нәтижесімен бұл сала бойынша әлеуметтік қолдау тапқандардың үлесі өте төмен екендігін байқатады.
Талдау нәтижесімен бағдарлама аясында тиісті түсіндірме жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуінің салдарынан осындай төмен көрсеткішке ие болған деп пайымдаймыз. Бағдарлама аясында аталған мемлекеттік қызметтер қала және аудандар бойынша әр түрлі мемлекеттік органдармен көрсетіліп отыр.
Мәселен, Қызылорда қаласы және Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандары ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерімен көрсетілсе, сондай-ақ Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының экономика және қаржы бөлімдерімен көрсетіледі.
Яғни, жас мамандар әлеуметтік қолдау шаралары бойынша кеңес алулары үшін нақты қандай мемлекеттік мекемеге жүгінетіндерін білмей, бюрократиялық кедергілерге тап болуы мүмкін.
Бағдарламаны іске асырудағы кемшіліктердің бірі – жас мамандарға бюджеттік несие қаражатын бөлу кезіндегі бюрократиялық кедергілер. Жоба қанша жерден дұрыс мақсатта жасалса да, оның нәтижелі болуы жергілікті атқарушы билікке тікелей байланысты.
Тіпті, уақыт өте келе мамандардың баспаналы болуына банктер де үлес қосуда. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бері«Дипломмен ауылға»жобасының сенімді агенті болып Отбасы банктағайындалған.
Құжаттарды жинау, өткізу уақыты үнемделіп, бағдарлама тетігі цифрлық форматқа көшті. Яғни, банк азаматтардың өтінімдерін онлайн түрде otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы қабылдайды.
Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.
Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін«Дипломмен ауылға»жобасы цифрлық форматқа ауыстырылған.
«Дипломмен ауылға»жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі жәнеЭЦҚкөмегімен өтінімге қол қоюы қажет.
Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін(денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда)) кез келген жастағы азаматтар мен азаматшалар қатыса алады.
Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.
Департамент көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредитті алу үшін өтінішті бір мезгілде беруге болатынын хабарлай отырып, мамандарды мемлекеттің ұсынып отырған әлеуметтік қолдау шараларынан құр қалмауға шақырады!
Зухра АРЫНОВА
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы