» » ЖАЙЛЫ ОРТА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ЖАЙЛЫ ОРТА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Бүгінде ауданымызда бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – Төретам кентіндегі жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан теміржол вокзалы. Осыған байланысты аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Төретам кентінде болып, күрделі жөндеуден өткізіліп отырған теміржол вокзалы мен аумақтың абаттандырылу барысын бақылады.
1965 жылы салынған теміржол вокзалы ғимаратының жалпы көлемі 597,6 шаршы метрді құрайды. 250 адам жолаушы қабылдау мүмкіндігі бар. Бүгінде вокзалдың ішкі бөлігіндегі негізгі жұмыстары толық аяқталған. Ішкі қабырғаларын сылау, есіктер салу, кафель төсеу, жылу құбырларын орнату 100 пайызға орындалған. Сонымен бірге шатырын жабу, қабырға қаптау, терезе орнату секілді сыртқы жұмыстары да толықтай аяқталып отыр. Жарық орнату 95, ал нысандағы жалпы құрылыс жұмысы 96 пайызға орындалған.
Вокзал аумағын абаттандыру да қатар жүргізілуде. Бұл мақсатта аудандық бюджеттен қаржы қаралып, бекітілген мердігер мекемемен тиісті жұмыстары жүруде.
Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы құрылыс сапасына назар аударып, ауданның маңызды нысандарының бірінен саналатын теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары талапқа сай атқарылуы және ел игілігіне берілу мерзімі бойынша жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.
«ҚТ» ақпарат
02 қыркүйек 2026 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 035
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031