» » Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы қалыптасады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Дегенмен солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта күн әлі де салқын болады.
Солтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ жел күшеюі мүмкін.
Алдағы күндері күндізгі ауа температурасы:
Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте – +28...+33°С;
·         Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде – +23...+30°С;
·         Оңтүстік-шығыста – +20...+27°С;
·         Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – +10...+15°С болады деп күтіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер күз мезгіліне арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын.
02 қыркүйек 2026 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 035
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031