» » Қазақстанда күн салқындайды

Қазақстанда күн салқындайды

qarmaqshy-tany.kz Қазақстандық синоптиктер 8-10 қазанға арналған ауа-райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн салқындайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.
«Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймақтарында орташа көпжылдық мәннен 4-9°С-қа жоғары ауа температурасымен аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы байқалды. Бірақ Поволжьеде орналасқан суық атмосфералық фронттардың әсерінен белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Оның жылжуына байланысты республикадағы ауа райы өзгере бастайды», - дейді синоптиктер.
Мамандардың болжамынша, алдағы тәулікте еліміздің батыс өңірінде бұлтты ауа райы болып, кей жерлерде жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар ауа температурасы төмендейді.
Ал 9 қазан солтүстік-батыс, 10 қазанда солтүстік және орталық өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Еліміздің шығысында әлі де жауын-шашынсыз және бұрынғыдай жылы ауа райы сақталады.
Синоптиктер оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жоғарғы жыраның ықпалынан, әсіресе, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжап отыр.

07 қазан 2019 ж. 1 093 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 014
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031