» » «Киелі мекен – шабыт көзі» тақырыбында саяхат сабақ өтті

«Киелі мекен – шабыт көзі» тақырыбында саяхат сабақ өтті

Қармақшы ауданының Оқушылар үйінде “Өлкетану” үйірмесінің ұйымдастыруымен оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи-мәдени мұраларды таныту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Киелі мекен – шабыт көзі» тақырыбында танымдық саяхат сабақ ұйымдастырылды.

Саяхат сабақ барысында оқушылар Қорқыт ата кешеніне барып, түркі әлемінің ұлы ойшылы, қобыз өнерінің атасы Қорқыт атаның өмірі мен шығармашылығы, кешеннің тарихы және оның рухани-мәдени маңызы туралы мағлұматтар алды.

Оқушылар киелі мекеннің тарихымен танысып қана қоймай, туған өлкенің құндылықтарын құрметтеуге, тарихи мұраларды сақтауға және ел тарихын терең білуге бағытталған тағылымды әсер алды.

«Туған жердің тарихын таныған ұрпақ – ел болашағын бағалайтын ұрпақ»
31 тамыз 2026 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 035
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031