» » ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

№107 орта мектепте 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай аға тәлімгер Перизат Мақсаттың ұйымдастыруымен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және оларды насихаттау бағытында Дүр Оңғар ауылының орталығында орналасқан тарихи нысандар жанында «Ескерткіштерді қорғау – ортақ міндет» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар туған өлкенің өткенімен танысып, әрбір ескерткіштің тарихи және рухани маңызы жайында терең мағлұмат алды. Киелі орындардың тағылымына үңілген жас ұрпақ ел тарихын құрметтеудің мәнін түсініп, мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын ұғынды.
Мазмұнды өткен бұл шара оқушылардың тарихи сана-сезімін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға зор ықпал етті. Сонымен қатар бұл шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын оятып, өткенді құрметтеу – болашаққа деген жауапкершіліктің негізі екенін терең сезінуге мүмкіндік берді.
«ҚТ» ақпарат
21 сәуір 2026 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30