» » Жылу беру маусымы алдында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Жылу беру маусымы алдында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылу беру маусымы алдында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төретам кенті мен Ақай ауылында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту пештері мен электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, пеш мұржаларын уақтылы тазалау, электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу, ақаулы электр жабдықтарын пайдаланбау және балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, тұрмыста қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымына жауапкершілікпен дайындалып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөміріне хабарласыңыз!

27 тамыз 2026 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

09 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 010
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 238

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031