Әке

Сен отыз төрт жасыңда кеттің қайда,
Жалындаған жас шағың еміс ойда.
Сол кеткеннен қайтадан оралмадың,
Сағыныштан жыладым жалқы айға.
Басқа балдар еркелеп әкесіне,
Мініп алар қонжиып желкесіне.
От жатқанын ішімде қалай айтам,
Түсінбейтін Тәңірдің еркесіне.
Уақыт та зулады қайтпас желдей,
Біз де өстік, әкешім, сені көрмей.
Тек анашым күресті біздер үшін,
Қиындыққа жігерін жеңіп бермей.
Болдық, қазір, шүкір ғой, ел ағасы,
Өмірімнің көңілде бар бағасы.
Менің балам, Сен кеткен – отыз төртте,
Тәңірімнің оң болсын көзқарасы.
Берілемін ойланып қиял өзге,
Біз кездессек әкежан осы кезде.
Не боларын кім болжап айта алады,
Мен алпыстан асқанмын, сен – отыз төртте.
Онда бар ғой айқайлап «алақайлап»,
Жүзімнен нұр, көзімнен отым ойнап.
Мен бойымнан қарттықты қуып шығып,
Жалаңаяқ жүгірем саған жайнап.
Сағынышым – жинаған тұмарым да,
Басылмайтын секілді құмарым да.
Онда мүмкін әкежан кешірерсің,
Көңіл босап еңкілдеп жылауым да.
Қуанышым кернеген кең даламдай,
Ақ шашыма бастағы мен карамай.
Асылам да мойныңа еркелеймін,
...О, әкешім, жетіде жас баладай.
Дастан Мырзабекұлы
25 тамыз 2026 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30