» » Келсеңші сен де...

Келсеңші сен де...


Түсті ме саған бір тұзақ,
Жанымда жатты қыс ұзақ.
Күтсем де сені келер деп,
Уақыт кетті тым ұзап.
Тірлікке жүрмін бағынып,
Мойынға бұршақ тағынып.
Жанымды желпіп алатын,
Өзіңді жүрмін сағынып.
Қарыны тойса күйленер,
Жан емес едім күйге енер.
Ғұмырдың басты қазығы,
Ақылым азық – бір өнер.
Көңілім қалай жай табар,
Қиялым ұшып айға бар.
Әлемді кезіп сезімім,
Жүрекке келіп байланар.
Арудан алып сұлулық,
Жандарда жатқан жылуды ұқ.
Тәңірге тәубе етерсің,
Ойыңа қонса ұлылық.
Тағдырым таққан тұмарын,
Ұсынам жұртқа ұнарын.
Өмірден мынау өткенше,
Қанбайды саған құмарым.
Шыдамнан беріп төлемін,
Қиналсын жаным, көнемін.
Өмірдің мәнін арттырып,
Келсеңші, сен де, өлеңім!
Дастан МЫРЗАБЕКҰЛЫ
03 желтоқсан 2025 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031