Сәрсенкүл Райымбаеваға
Қаламыңның қуаты тасты жарып, Әрбір жайды жазарсың біліп барып. Саған деген көңілім алабөтен, Бағың басым болсын деп, Қыдыр дарып. Сөйлескенде кетеміз тым ұзаққа, Жамандықты ілерсің ар-тұзаққа. Жазған жайың жүрекке жете берсін, Адалдықтың ақ туын тек құлатпа. Көктем келсе кетеді жерім түлеп, Қалмаған жөн қай кезде көңіл жүдеп. Мерекемен өзіңді құттықтаймыз, Келе берсін тірлікте табыс үдеп. Дастан Мырзабекұлы |