» » Шәууәл оразасының сауабы қандай?

Шәууәл оразасының сауабы қандай?

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім рамазан айының оразасынан соң, артынша шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» деп, бұл айда ұсталатын оразаның мол сауабымен сүйіншілеген (Мүслим).

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсіндіруге болады. Құранда «Әнғам» сүресінің 160-аятында: «Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады» делінген. Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады.

Рамазан айындағы отыз күн мен шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Бір жылдың қалған бес күні ораза ұстауға болмайды: Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан айттың төрт күні. Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз.
22 сәуір 2023 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 264
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031