» » Өткенге өкпем жоқ менің

Өткенге өкпем жоқ менің

Жайнаған жаным, көңілім көлдей, от демім,
Қабылдаймын мен Тәңірдің тарту еткенін.
Шын қуана алам, мұңая да алам, алайда,
Назданып айтар, өткенге өкпем жоқ менің.
Бұл жалған сынақ, өлшенер сенің өткенің,
Адамдар сабақ, бәрі де келіп-кеткеннің.
Титтей де болса, өкпе арта көрме тағдырға,
Жетістік ол да бүгінге тірі жеткенің.
Әр сәтке сүйсін, тағдырды жүрме жек көре,
Бар жанды сыйла, кетпе сен текке кектене.
Жаныңды сыйла, рухыңды биік құлатпа,
Түйсігі аздың түкіргені бар өкпеңе.
Бар жанды сыйла, жолыққан саған жолыңда,
Қадірлей білгін, алтының барда қолыңда.
Бұл жалған көркем, тек сүре білсең болғаны,
Өкініп жүрме, опық жеп өмір соңында.
Қателестім мен, сүріндім, сан рет құладым,
Өкіндім талай, қайғырдым, қанша жыладым.
Алланың жазған жазмышы екенін ұғынып,
Жаратқанымнан жеңілдік ғана сұрадым.
Ұлық қой Алла, ерекше сүйер пендесін,
Қаласа ашар, көкірек көздің пердесін.
Сан сынақтарды сый қылып маған жіберіп,
Көзімді ашып, жол сілтеді ғой ергесін.
Данышпан емен, ақыл айтатын баршаға,
Бәріңде бірдей жүрек бар, ой бар, бар сана.
Өмірді сүйгін, шүкір ет бүгін барыңа,
Тоқтап жатыр-ау жүректер күнде қаншама.
Өкпелей берме, керегі жоқ сол бір өкпенің,
Мың тәубе саған, өлшеулі ғана өткенім,
Шығыстың шыншыл шайыры құсап шыңдаған,
Рақмет саған, отыз бесінші көктемім!
Гүлнұр БЕКТҰРАРҚЫЗЫ
25 мамыр 2025 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930