"Тереңдей біл"
Сырдан шыққан шежіреші ақын - Әлімбай Әлиасқаров.
Коммунизм шамшырағы: 1989/01/06.
Шынар өспес сүйенбей,
Сүйрік өспес су ембей.
Рахаты бар әр заттың,
Бағып-күтсең биеңдей.
Адамдық арды ойласаң,
Сөздердің болсын бір өңгей.
Көргеніне өмірде,
Айтыңдар, кеткен кім көнбей.
Арттырып қайғы талайға,
Бұрқырап өтті- ау бір дәуір,
Иілмейтін емендей,
Күншілдер күндеп арбасып,
Жазықсыз жанға жармасып.
Жаланы өрт қып, шоғына,
Жазалады-ау именбей.
Істеріне залымның,
Мұңайып халқым қайғырды,
Бұршағы тозған көгендей.
Надандығың құрысын,
Тақырдай жатқан көгермей.
Надандық деген қор қылар,
Ойлаған ойдан түк өнбей.
Білгенге білім не жетсін,
Түрлі-түсті кілемдей
Ұмтылып адал қызмет ет,
Қалғанша қайрат сілемдей.
Көрген-білгеніңді анық айт,
Тыңдайтын халқың жиренбей.
Қолайлы болсын әр сөзің,
Сақтаған қымыз зерендей.
Шешендік деген бір өнер,
Тереңдей берші, тереңдей.
Білмегенді білдім деп,
Көрмегенді көрдім деп,
Жүргеннен сақтан, тірі өлмей.
Бір сөзге қоссаң, екі сөз,
Жалған болар түгелдей.
Аяз бидей әлің біл,
Артық сөйлеп алжаспа,
Білімдіге теңелмей.
Жақсының ұқсаң өсиетін,
Сөздерің қалмас еленбей.
Тойса қарның жабыдай,
Көргеніңе осқырып,
Елеңдей көрме, елеңдей.
Пайдасыз сөзден аулақ бол,
Әдеп, әдет, ғылымды,
Қасиеттеп тең ембей.
Тарысы піссе біреудің,
Жағымпаз болып жалбақтап,
Сүмеңдей көрме, сүмеңдей.
Өсекшілер, күншілдер,
Адамның нағыз арсызы,
Балықты жеген түлендей
Қалдырып көңіл сөз айтпа,
Кететіндей сен көрмей.
Алды-артыңды ерте ойла,
Қорада малым бар ғой деп,
Байлық пен баққа құр сенбей.
Бірдей емес адамдар,
Біреуі теңіз, біреуі көлдей.
Тереңнің жина гауһарын,
Бипайда жүрме түк өнбей.
Сыйла үлкен-кішіңді,
Береке, бірлік бар елдей.
Құрысын әдет егесіп,
Қоймаймын дейтін мен жеңбей.
Шаппай жүйрік болғанмен,
Тұғыр артық шаруаңа,
Көп мінілген күреңдей.
Пайдалы болсын істерің,
Ізіне егін шығатын,
Жерді тілген түрендей.
Білмегеніңді сұрап ал,
Алдыңда аға болса егер,
Өзім білем деп шіренбей.
Коммунизм шамшырағы: 1989/01/06.
Шынар өспес сүйенбей,
Сүйрік өспес су ембей.
Рахаты бар әр заттың,
Бағып-күтсең биеңдей.
Адамдық арды ойласаң,
Сөздердің болсын бір өңгей.
Көргеніне өмірде,
Айтыңдар, кеткен кім көнбей.
Арттырып қайғы талайға,
Бұрқырап өтті- ау бір дәуір,
Иілмейтін емендей,
Күншілдер күндеп арбасып,
Жазықсыз жанға жармасып.
Жаланы өрт қып, шоғына,
Жазалады-ау именбей.
Істеріне залымның,
Мұңайып халқым қайғырды,
Бұршағы тозған көгендей.
Надандығың құрысын,
Тақырдай жатқан көгермей.
Надандық деген қор қылар,
Ойлаған ойдан түк өнбей.
Білгенге білім не жетсін,
Түрлі-түсті кілемдей
Ұмтылып адал қызмет ет,
Қалғанша қайрат сілемдей.
Көрген-білгеніңді анық айт,
Тыңдайтын халқың жиренбей.
Қолайлы болсын әр сөзің,
Сақтаған қымыз зерендей.
Шешендік деген бір өнер,
Тереңдей берші, тереңдей.
Білмегенді білдім деп,
Көрмегенді көрдім деп,
Жүргеннен сақтан, тірі өлмей.
Бір сөзге қоссаң, екі сөз,
Жалған болар түгелдей.
Аяз бидей әлің біл,
Артық сөйлеп алжаспа,
Білімдіге теңелмей.
Жақсының ұқсаң өсиетін,
Сөздерің қалмас еленбей.
Тойса қарның жабыдай,
Көргеніңе осқырып,
Елеңдей көрме, елеңдей.
Пайдасыз сөзден аулақ бол,
Әдеп, әдет, ғылымды,
Қасиеттеп тең ембей.
Тарысы піссе біреудің,
Жағымпаз болып жалбақтап,
Сүмеңдей көрме, сүмеңдей.
Өсекшілер, күншілдер,
Адамның нағыз арсызы,
Балықты жеген түлендей
Қалдырып көңіл сөз айтпа,
Кететіндей сен көрмей.
Алды-артыңды ерте ойла,
Қорада малым бар ғой деп,
Байлық пен баққа құр сенбей.
Бірдей емес адамдар,
Біреуі теңіз, біреуі көлдей.
Тереңнің жина гауһарын,
Бипайда жүрме түк өнбей.
Сыйла үлкен-кішіңді,
Береке, бірлік бар елдей.
Құрысын әдет егесіп,
Қоймаймын дейтін мен жеңбей.
Шаппай жүйрік болғанмен,
Тұғыр артық шаруаңа,
Көп мінілген күреңдей.
Пайдалы болсын істерің,
Ізіне егін шығатын,
Жерді тілген түрендей.
Білмегеніңді сұрап ал,
Алдыңда аға болса егер,
Өзім білем деп шіренбей.