» » Есірткі тасымалына тосқауыл қойылды: Қызылорда облысында 2 килограммға жуық марихуана тәркіленді

Есірткі тасымалына тосқауыл қойылды: Қызылорда облысында 2 килограммға жуық марихуана тәркіленді

Қызылорда облысының аумағында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, есірткі қылмыстарының алдын алу және олардың жолын кесу бағытында «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Аталған іс-шара 1 маусымда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Негізгі мақсаты – заң мен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою, есірткі қылмыстарының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бүгінде бұл іс-шара аясында облыс аумағында мобильді бекеттер жұмыс істеп, онда Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, рота қызметкерлері және кинолог мамандар қызметтік-іздестіру иттерімен бірге қызмет атқаруда.

Іс-шара басталғалы қызметтік иттердің көмегімен 38 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 5 есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді.

Мәселен, Арал ауданы аумағында орналасқан «Шеп» бекетінде полиция қызметкерлері «Land Cruiser» автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында кинолог маманның қызметтік-іздестіру иті, неміс овчаркасы «Босстың» көмегімен салмағы 1 килограмм 856 грамм болатын, полиэтилен пакетке салынып, скотчпен оралған зат анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысының Полиция департаменті тұрғындарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға шақырады.

Есірткінің заңсыз айналымына қатысты белгілі болған ақпаратты полицияға дер кезінде хабарлау – заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың маңызды кепілі.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі.

Есірткі қылмысына қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
25 тамыз 2026 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30