» » Есірткімен күрес – ортақ міндет

Есірткімен күрес – ортақ міндет


Қызылорда облысының прокуроры Р.Ожаровтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінде есірткі қылмыстарының алдын алу мәселесі қаралды.
Қызылорда облысының Полиция департаменті өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда.
Жыл басынан 172 құқық бұзушылық анықталып, 1 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 23 есірткі өткізу, 53 есірткі өсіру, 4 есірткі жарнамалау деректерінің жолы кесілді.
Заңсыз айналымнан 959 килограмм есірткі заттары, оның ішінде 884 килограмм сора өсімдігі, 63 килограмм
марихуана, 9 килограмм көкнәр өсімдігі, 432 грамм гашиш, 2 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. Үй жағдайында сора өсімдігін өсіретін 5 фитозертхана анықталды.
"Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1100 сайт енгізіліп, бұғатталды.
Кеңеске қатысушылар есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытында бірлесе қызмет атқару бойынша ұсынысты қолдады.
21 тамыз 2025 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30