» » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде еңбек мигранттарының арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдар атқарған жұмыс барысы талқыланды.
Отырыста облыстық полиция департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Облыс әкімі көші-қон заңнамасын бұзушыларға, заңсыз еңбек етушілерге тосқауыл қоюды тапсырды.
«Заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған жұмыс берушілерді анықтап, жауапкершілікке тартыңыздар. Жергілікті еңбек нарығына талдау жүргізіп, отандық мамандарды жұмыспен қамту маңызды. Бұл ретте шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібін түсіндіруді басты назарда ұстау керек», – деді аймақ басшысы.
Нұрлыбек Машбекұлы есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту, есірткінің жасырын таралу арналарын, интернет арқылы сату әрекеттерін анықтау және жоюдағы арнайы операцияларды жиі ұйымдастыру туралы міндет жүктеді.

«Есірткіні жасырған орындарды анықтауда бейнебақылау жүйесін күшейтуге басымдық беру керек. Арнайы рейдтер ұйымдастыру, ата-аналармен бірлесіп, оқушылар мен студенттерге синтетикалық есірткі мен нашақорлықтың қаупі туралы кеңінен түсіндіру де күн тәртібінен түспеуі тиіс», –деді облыс әкімі.
Комиссия отырысында мектептер мен колледждерде алдын алу іс-шараларын үйлестірудің, арнайы мамандардың қатысуымен кездесулер өткізудің ортақ іске оң әсер ететіні айтылды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

07 наурыз 2025 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930