» » Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Тәртіп пен заң бәріне ортақ. Әсіресе қоғамдық орындарда тазалықты және тәртіптің сақталуы аса маңызды. Қармақшы ауданында желтоқсан айының 5-11 жұлдызы аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты-азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздікпен ұсақ құқық бұзушылықтың жолын кесу болып табылады.
Іс-шара барысында Қармақшы ауданында көпшілік орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мамандар көптеген шаралар атқарып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді.Мәселен, ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында Жосалы кенті аумағында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында кешенді шаралар өткізді. Іс-шара аясында бөлімнің учаскелік полиция, көші-қон қызметі, патрульдік полиция қызметкерлерімен масаң күйде басқарғаны үшін 1 көлік жүргізушісі анықталды. Сонымен қатар, тұрғылықты пәтерлерді аралап, заңсыз жалға берілетін үйлер мен пәтерлерді анықтау барысында жұмыстар атқарылып, бұрын сотталғандар мен қару иелері тексерілді. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай түсіндіру-ағарту жұмыстарында да жүргізді.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚБ-сі

10 желтоқсан 2021 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031