» » МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛУДЕ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛУДЕ


Бүгін аудан басшысының тапсырмасына сәйкес «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары аясында баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында бөлім басшысы Ғарышбек Нысанбаев мәдениет, тілдерді дамыту және тарихи-мәдени мұраны сақтау бағыттарында жұмыстарға тоқталды.

Аудандағы 34 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері 1139 мәдени шара ұйымдастырылса, мәдениет ұйымдарындағы 120 үйірмеге 1500-ден астам адам тартылып, өнерпаздар халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында биыл 5,4 млн теңге қаржы бөлініп, мәдениет үйі мен ауылдық клубтарға ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, компьютерлік техника және басқа да қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Тілдерді дамыту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 28 кәсіпкерлік нысанға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ономастика бағыты бойынша елді мекендердегі көше атаулары мен басқа да нысандардың атауларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру, тарихи атауларды сақтау және ұлттық танымға негізделген атауларды жүйелеу бағытындағы жұмыстар назарда.

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау бағытында ауданда мемлекет қорғауына алынған 66 ескерткіш бар. Биыл 7 тарихи-мәдени нысанды құжаттандыруға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар тағы 24 тарихи ескерткішті құжаттандыру бойынша бюджеттік өтінім берілді.

Алдағы кезеңде облыстық байқаулар, шығармашылық кеш, жыр фестивалі және өзге де мәдени жобалар ұйымдастырылмақ.

Брифинг барысында бөлім басшысы Ғарышбек Бауыржанұлы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, саладағы алдағы міндеттерге тоқталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 тамыз 2026 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930