Құрылтай
» » ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА


Бүгінде ауданымызда елді мекендерді газдандыру, электр желілерін жаңғырту бағытында жұмыстардың барысы қарқынды. Осы бағытта бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытбек Жылтыров 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жайында БАҚ өкілдеріне есеп берді.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 155,35 шақырымды құрайды. Оның 148,85 шақырымы асфальтталған. Бүгінде жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 100 пайызды құрап отыр. «Төретам-Ақай» бағытындағы 5,25 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары 97 пайызға аяқталды.

Газдандыру бағытында Төребай би және Иіркөл елді мекендерінде жұмыс аяқталуға жақын. Жобалар аяқталғаннан кейін аудан халқының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 76,9 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар электр желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында Ақжар, Қармақшы, ІІІ Интернационал және Алдашбай ахун елді мекендерінде инженерлік-инфрақұрылымды жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда.

Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту көрсеткіші бүгінде 100 пайызды құрайды. Алдағы кезеңде бірқатар елді мекендердің су жүйелерін қайта жаңарту бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында да санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жыл басынан бері аудан бойынша 3410 түп көшет отырғызылды.

Бұдан бөлек тұрғын үй мәселесі бойынша да шаралар жүргізіліп келеді.

Алдағы айқын жоспарларды атап өткен Бақытбек Омарұлы БАҚ өкілдерінің сауалдарына толық жауап берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 тамыз 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 701
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31