» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА


Елді мекендерді табиғи газбен қамту маңызды басымдықтардың бірі болып отыр. 2025 жылы жалпы құны 7,172 млрд теңге болатын Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасы аяқталып, нысанның пайдалануға беру рәсімі облыс әкімінің қатысуымен өтті. Аудан әкімі атап өткендей, бұл жоба алдағы уақытта басқа елді мекендерді газдандыруға жалғасатын болады. Сонымен қатар, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстары бастау үшін аудандық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта аудан халқының 75,2 пайызы табиғи газ игілігін көріп отыр.

Электр желілері бойынша да маңызды жұмыстар атқарылуда. Қармақшы ауданында электр желілерінің жалпы ұзындығы – 931 шақырым, 146 трансформатор бар. 2025 жылы Дүр Оңғар және Иіркөл ауылдарында электр беру желілерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Аудандағы электр инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Қуаңдария, Ақжар, ІІІ-Интернационал, Алдашбай Ахун және Қармақшы ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту үшін жобалар мен сметалық құжаттар әзірленіп, жөндеу жұмыстары өз кезеңімен жүргізілетін болады.

04 ақпан 2026 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930