» » ҚАРМАҚШЫДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ҚАРМАҚШЫДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА


Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жосалы кентіндегі "Тәуелсіздік" шағын ауданының тұрғын үйлеріне су құбыры желісін жеткізумен бірге, кентішілік су құбыры желісін салу жұмыстарына 9,5 млн.теңгеге жоба- сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынды. Жоба құны 2,5 млрд. теңге. Жобаға қаражат бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

Елді мекендер халқын таза ауыз сумен қамту мақсатында биылғы жылы Ақжар, Ақтөбе, Қуандария елді мекендерінде сумен жабдықтау құрылысын реконструкциялау жобаларына сараптаманың оң қорытындысы алынып, республикалық бюджеттен қаржыландыруға 631,1 млн. теңгеге бюджеттік өтінім жолданады.

"Аудан бойынша тозығы жеткен электр желілерді қайта жаңғырту бүгінгі күнге өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда, 4 елді мекеннің (Көмекбаев, Ақтөбе, Иіркөл, Дүр Оңғар) электр желілерін қайта жаңғыртуға қаржысы бөлініп, бүгінгі күні Ақтөбе және Т.Көмекбаев елді мекендерінде электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Иіркөл ауылында электр желілеріне жаңғырту, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, демеушілік есебінен Дүр Оңғар ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, құрылысын бастауға 388,6 млн.теңге аудандық бюджеттен бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында аудандық бюджеттен Қуандария, Ақжар, ІІІ Интернационал, Алдашбай Ахун, Қармақшы ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда бюджеттік өтінім жолдау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, демеуші есебінен Тұрмағамбет ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Жосалы кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі бұл - Мырзағалиева көшесінде темір жол өткелі. Қазіргі таңда құрылыстың жоба-сметалық құжаттамасына қаржы қаралып, жобасы әзірленді. Жоба құны 5,5 млрд. теңге", - деді аудан әкімі.

31 қаңтар 2025 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930