Құрылтай
» » ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен елді мекендерде қысқы кезеңде қолайлы жағдай қалыптастыру – аудан әкімінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, Қармақшы ауданындағы әлеуметтік нысандардың 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына дайындығы қаралды.

Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес өткізілген жиында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытбек Жылтыров жылу маусымына дайындық барысын баяндады.

Бұдан бөлек электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі де толық талқыланды. Әлеуметтік нысандарды қысқы кезеңде тұрақты электр қуатымен қамту бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде қолға алынған тазалық жұмыстары аясында ауданымызда абаттандыру және санитарлық тазалық шаралары күнделікті жүргізіліп келеді. Мәжілісте осы жұмыстардың жүйелілігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік нысандар мен мекеме аумақтарының тазалығы, айналасын абаттандыру және санитарлық талаптардың сақталуы аясында мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Самат Қыдырбекұлы барлық салада анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою қажеттігін айтып, берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауда болатынын және жауапты сала басшыларына жылу маусымына қажетті шараларды жасауды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 тамыз 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 667
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31