» » Жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды

Жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды



Қармақшы ауданында 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мәселелеріне арналған мәжіліс өткізілді. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлы төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытбек Жылтыров баяндама жасап, әлеуметтік нысандардың қазіргі жағдайы мен дайындық барысы туралы кеңінен ақпарат берді.

Қазіргі таңда Қармақшы ауданы бойынша 114 әлеуметтік нысан бар. Аталған нысандарда жылу қазандықтарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дайындық паспортын алу үшін тиісті құжаттар тапсырылуда.

Жиын барысында Шыңғыс Әбділәмитұлы жауапты сала басшыларына дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, барлық әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына толық әзір болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кету керек, ҚР Заңның 6-бабында Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан Әзірлік паспортты алу құжаттарды қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жыл сайын 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
28 тамыз 2025 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930