Құрылтай
» » 2026 ЖЫЛҒЫ 23 ТАМЫЗҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2026 ЖЫЛҒЫ 23 ТАМЫЗҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты Қармақшы ауданында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 шілдедегі №АСК-26/244 қаулысымен жұмысшы тобы құрылды.
Жұмысшы топ құрамына «ТұранШах Қызылорда» мүгедектігі қоғамдық бірлестігі президенті, Қармақшы ауданы әкімінің мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының мүшесі бекітілген.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобы 2026 жылдың 8-9 тамыз күндері Қармақшы ауданында орналасқан сайлау учаскелерін аралап тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдайлар жасалғандығы анықталды.
Сонымен қатар 7 тамыз күні Қызылорда облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Е.Бәкіров, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қ.Жанұзақов және Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторларының қатысуымен аудандағы сайлау учаскелеріне мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында тексерулер жүргізілді.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы
15 тамыз 2026 ж. 8 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 666
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31