Құрылтай
» » ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ 386 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ 386 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Президент Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай сайлауы өткізіледі.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына арналған Күнтізбелік жоспарды бекітті. Жалпы науқанды ұйымдастырудың ұзақтығы 54 күнді құрайды. 12 күн саяси партиялардың құжаттарын ұсынуға бекітілсе, 29 күн үгіт кезеңіне арналады.
22 тамыз – тыныштық күні, 23 тамыз – дауыс беру күні.
Қазіргі таңда сайлауды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылғы 11 шілдеге дейін аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын жариялау көзделген. Бұл ретте 9 шілде күні облыстық және аудандық басылымдарда комиссия құрамын БАҚ-та жарияланды.
Сонымен бірге әкімдіктер сайлау учаскелерінің шекараларын жариялайтын болады.
– Қызылорда өңірінде 9 аумақтық, 386 учаскелік сайлау комисиясы жұмыс жасайды. 9 аумақтық сайлау учаскесінде 63 комиссия мүшесі тұрақты түрде қызмет атқарса, 386 учаскеде 2720 сайлау комиссиясының мүшесі бар.
Өңірдегі 386 учаскенің 132-і Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда.
Аймақта 500 926 дауыс беруші азамат тізімге енгізілген. Тұрғындардың тізімі 2 тамызға дейін өзектендіріліп, тиісті учаскелерге ұсыналады. Әрі қарай учаскелер дауыс беруші азаматтар тізімімен жұмыс жүргізеді,-деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.
Құрылтай сайлауын өткізуге жауапты комиссия мүшелерін оқыту кезең кезеңімен жүзеге асады.
10 шілде 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 443
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031