» » 8 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

8 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Осы жексенбі, яғни 8 желтоқсанда Қызылорда өңіріндегі 7 округте шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
Сайлау науқаны Қызылорда қаласында, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында ұйымдастырылады.
Әр округтен 3 кандидат, барлығы 21 кандидат тіркелді.

Тіркелген 21 кандидаттың 4-і саяси партиялар атынан, 17-і өзін-өзі ұсынған. Кандидаттардың 5-і әйел, 16-ы ер азаматтар.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес ертең, 7 желтоқсан - тыныштық күні, 8 желтоқсан - дауыс беру күні. Тыныштық күнінде және дауыс беру күні кандидаттарға үгіт жүргізуге қатаң тыйым салынады.

Дауыс беру таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүзеге асады. Сайлаушылар тізіміне енген әрбір азамат өз жеке басын куәландыратын құжатын көрсету арқылы бюллетень алып, таңдау жасайды.
Сондай-ақ, учаскеге келуге мүмкіндігі жоқ сайлаушылар тасымалданатын жәшікпен дауыс беруіне болады. Ол үшін азамат 8 желтоқсан түскі сағат 12.00-ге дейін учаскеге өтініш тастауы тиіс.

Сайлау процесін бақылауға аккредитациядан өткен байқаушылар және куәліктері бар кандидаттың сенім білдірген адамдары қатыса алады.

Айта кетейік, дауыс беру уақыты аяқталған сәттен кейін учаскелік комиссия мүшелері дауыстарды заңға сәйкес 12 сағат ішінде санап, қорытындысын анықтайды.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

07 желтоқсан 2024 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930