» » Орталық сайлау комиссиясының үндеуі

Орталық сайлау комиссиясының үндеуі

Құрметті сайлаушылар!
2023 жылы 19 наурыз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.
Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.
Тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі.
Дауыс беру күні өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне отыз күн қалғанда, яғни 2023 жылы 17 ақпаннан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, өзінің нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.
Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.
Осы құқықты:
- дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар;
- басқа қаладан келген, арнаулы жоғары және орта оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттер;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.
Азамат, біртұтас жалпыұлттық сайлау округін, сонымен қатар бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін ескере отырып, сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізіле алады.
Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады.
2023 жылы 4 наурыздан бастап Сізге өз учаскеңіздегі сайлау­шылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі берілетін болады.
Құрметті сайлаушылар!
Сіздерді құқықтық сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!
Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізуге қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!
24 қаңтар 2023 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 904

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 938

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031