» » Қызылордада сайлау науқанына дайындық жүйелі түрде жүргізілуде

Қызылордада сайлау науқанына дайындық жүйелі түрде жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 488 мың 964 сайлаушы, 382 сайлау комиссиясы бар. Оның ішінде 9 аумақтық, 373 учаскелік комиссия, онда барлығы 2710 комиссия мүшесі жұмыс атқарады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді. 
«Учаскелік комиссиялардың жұмыстары 21 қазаннан басталады. ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, қала, аудан әкімдері сайлаушылардың тізімін 30 қазан күні сайлау учаскелеріне қол қойып, табыстайды. Ал, учаскелік комиссиялар 4 қарашадан кешіктірмей тізімді сайлаушылардың танысуына ұсынады. Бұған қоса, 9 қарашаға дейін сайлаушыларға сайлаудың өтетін орны мен уақытын хабарлайды. Сондай-ақ, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірге комиссияның 800 мүшесін оқыту жұмыстары басталды», - деді Ғалым Қонақбайұлы. 
Қазіргі таңда ҚР Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдардан 41 және шет мемлекеттен 2 байқаушының тізімі жасақталды. Ал жергілікті байқаушылар сайлау күні, яғни  20 қарашада тіркеліп, өзіне белгіленген учаскеде байқау жүргізе алады.
19 қазан 2022 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 112
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031