Құрылтай
» » АЛЫСҚА ТАРАҒАН ЖАН ЖЫЛУЫ

АЛЫСҚА ТАРАҒАН ЖАН ЖЫЛУЫ

Адамның ел алдындағы абыройы бір күнде қалыптаспайды. Оның негізінде жылдар бойғы маңдай тер, табандылық, адалдық пен елге деген жанашырлық жатады. Өз еңбегімен кәсібін қалыптастырып, жеткен жетістігін халық игілігіне жаратып жүрген жанның бірі – жеке кәсіпкер Рабиға Балғабаева апай туралы айтпау мүмкін емес.
Рабиға Жайбергенқызының еңбек жолы ұстаздықтан басталған. Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан мұғалімдік қызметтен кейін кәсіпкерлік саласына қадам басып, жаңа бағытта өзін сынай білді. Бұл жолда оған дайын жетістік те, жеңіл жол да берілген жоқ. Өзінің еңбекқорлығы, іскерлігі мен табандылығының арқасында кәсібін дамытып, бүгінде ауданымызға белгілі кәсіпкердің біріне айналды.
Дегенмен Рабиға апай үшін кәсіпкерліктің мәні тек кәсібін дөңгелетіп, табыс табумен шектелмейді. Ол өз мүмкіндігін қоғам игілігіне бағыттап, ел ішінде болып жатқан әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудандық әйелдер, аналар кеңесінің мүшесі ретінде ауданның қоғамдық өміріне де өзіндік үлесін қосып келеді.
Оның азаматтық ұстанымының айқын көрінісі – қайырымдылық бағытындағы тұрақты жұмыстары. Аудан көлемінде ұйымдастырылатын түрлі игі шаралардың басықасынан табылып, демеушілік қолдау көрсетуде. Әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді назардан тыс қалдырмайды.
Жыл сайын өтетін «Мектепке жол» акциясы аясында да балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына қажетті құралжабдықтармен қамтуға атсалысады.
Кәсіпкер ананың қайырымдылығы мұнымен де шектелмейді. Қоғамның күнделікті тыныс-тіршілігіне өз еңбегімен үлес қосып жүрген көше тазалығында қызмет атқаратын еңбек адамдарына да үнемі қолдау білдіреді. Әсіресе жаздың аптап ыстығында далада жұмыс істейтін жандарға салқын сусын мен дәмді тағам таратып, олардың ауыр еңбегін қайырлы іспен демеуде.
Бір қарағанда қарапайым көрінетін мұндай істердің астарында үлкен адамгершілік жатыр. Себебі қайырымдылықтың қадірі оның көлемімен емес, ниетімен өлшенеді. Елдің мұңмұқтажына назар аударып, өзінен көмек күтпей-ақ қолдау отыру – азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісі.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығы Рабиға апайдың өмір жолына да сай келеді. Ұстаздықтан басталған еңбек жолын кәсіпкерлікпен жалғастырып, бүгінде кәсібін елге пайда келтірумен ұштастырып жүрген апайымыз – кейінгі буынға үлгі боларлық жан.
Рабиға Балғабаева өз еңбегімен кәсібін қалыптастырып қана қоймай, сол еңбегінің жемісін елмен бөлісіп жүрген кәсіпкер. Оның ұстаздықтан басталған еңбек жолы, кәсіпкерліктегі табандылығы және қоғамдық өмірдегі белсенділігі – бір адамның бойынан еңбекқорлық, іскерлік пен адамгершіліктің қатар табылатынын көрсетеді.
Адал еңбегімен елге танылып, жүрек қалауымен жақсылық жасап жүрген Рабиға апайдың игі бастамасы жалғасын тауып, кәсібіне береке, отбасына амандық, ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыстар тілейміз.
Ақтолқын АЛТЫНБАЙҚЫЗЫ
15 тамыз 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 654
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31