» » ӘЖЕНІҢ ТЕЛЕФОНЫ

ӘЖЕНІҢ ТЕЛЕФОНЫ

Үлкендердің ренжіген кезде айтатын сөзін балалардың қалай түсінетіні мүлде бөлек. Кейде олардың бір ауыз жауабы бүкіл үйдің қабағын ашып, күлкіге бөлейді.
Бір күні Мира апа қыздарына қатты өкпелеп қалды. Ашуы басылар емес.
– Болды! Сендерге көңілім әбден қалды. Ертең мен өлсем де іздемеңдер. Тіпті өлігімді де көрмейсіңдер! – деп ренішін ақтарды.
Үйдегілер үндемей қалды. Бірі анасының ашуы басылсын деп отыр, бірі не айтарын білмей отыр.
Сол кезде бұрышта үндемей ойыншықтарын құрастырып отырған сегіз жасар немересі Айдын әжесіне жай ғана қарап:
– Әже, онда сен өлсең, телефоныңды маған берші? – деп жалына сұрады.
Үй іші бір сәтке сілтідей тынды.
Мира апа немересіне аңтарыла қарап:
– Әй, қу бала, мен жаңа не айтып тұрмын? – деді.
Немересі болса еш алаңдамай:
– Телефоның бос қалады ғой... Маған берсең болды, – деп жауап берді.
Осы сөзден кейін үйдегілердің бәрі ду күлді. Мира апаның да ашуы тарқап, өзі де еріксіз жымиып:
– Мына баланың ойлағаны телефон ғана екен ғой, – деп басын шайқады.
Баланың көңілінде жамандық жоқ. Ол үлкендердің ренішін емес, өзіне қызық болып тұрған дүниені ғана ойлайды. Кейде сондай аңғал бір ауыз сөз талай ренішті ұмыттырып, бүкіл шаңыраққа шаттық сыйлайды.
Шынында да, бала күлкісі – үйдің берекесі. Ал олардың тосыннан айтқан сөздеріне кейде ең мықты әзілкештің әзілі де жетпей жатады.
Роза МОЛДАШҚЫЗЫ
08 тамыз 2026 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031