Құрылтай
» » «ҮШ ЖҮЗГЕ ПІР АТАНҒАН ӘУЛИЕ»

«ҮШ ЖҮЗГЕ ПІР АТАНҒАН ӘУЛИЕ»


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін «Руханият» орталығында Марал ишан Құрманұлының ұрпағы, зерттеуші әрі қаламгер Мұхамедхан Қасымханұлының «Үш жүзге пір атанған әулие» атты кітабының тұсауы кесілді.

«Бабалар жолымен» республикалық экспедициясының мүшелері киелі Қармақшы жеріне арнайы автошерумен келіп, аудандық тарихи-өлкетану музейін аралауы арқылы ауданымыздың тарихымен танысты. Содан соң Марал ишанның өмірі мен рухани мұрасы туралы дайындалған деректі бейнефильмді тамашалады.

Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев бұл еңбектің тарихи маңызына тоқталып:

– «Тарихи тұлғалардың тағылымды өмір жолын кейінгі ұрпаққа жеткізу – ұлттық сананы нығайтып, төл тарихымызды тереңірек тануға жол ашады. Марал бабаның өмірі – бүгінгі жас буын үшін имандылықтың және адамгершіліктің жарқын үлгісі. Осындай құнды еңбекті жарыққа шығарып отырған Мұхамедхан Қасымханұлына аудан жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін! Бұл туынды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қызмет ететін маңызды еңбек болады деп сенемін», – деді.

Салтанатты рәсімде Марал ишанның ұрпақтары жаңа кітаптың тұсауын кесіп, ақжарма тілектерін арнады.

Кеш барысында әулиеге арналған жыр-толғаулар орындалып, ақындардың арнау өлеңдері оқылды. Сондай-ақ «Бабалар жолымен» экспедициясының мүшелері, Кенесары хан, Жалаңаяқ ишан, Айтқожа ишан, Құлболды ишан және өзге де тарихи тұлғалардың ұрпақтары сөз сөйлеп, Марал ишанның мұрасын насихаттаудың маңызы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Ал Мұхамедхан Қасымханұлы көпшілікке ризашылығын білдіріп, бірнеше жылдық ізденістің нәтижесінде жарық көрген еңбектің басты мақсаты - Марал бабаның өмір жолы мен өнегесін келешек ұрпаққа аманат ету екенін атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз 2026 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 587
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 049

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31