Топ-баннер
Топ-баннер2
» » МАРАЛ ИШАН МҰРАСЫ- БАСТЫ НАЗАРДА

МАРАЛ ИШАН МҰРАСЫ- БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Марал Ишан мен Қалқай Ишан бабалардың рухани мұрасын дәріптеу бағытында арнайы ауданға келген зиялы қауым өкілдерін қабылдады.
Қабылдауға «Президент саясаты» мен жолдауларын ақпараттық насихаттайтын басылымның Бас редакторы Қанат Сапарбай, «Қазақ» радиосының редакторы Қойшығұл Мұстафа, Қызылорда облыстық тарихи мұраларды қорғау орталығының директоры Ерғазы Алданазаров, “Марал Нұр” ЖШС төрағасы Мұрат Тоқпанұлы, Марал ишан бабаның ұрпағы Мұхаммеджан Омаров қатысты.
Кездесуде сөз алған азаматтар Марал Ишан мен Қалқай Ишан бабалардың халқымыздың рухани тарихындағы орнына ерекше тоқталып, қазіргі таңда зиярат орындарының абаттандырылуы, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі мен сол аумақта жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жай-күйі жайлы пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек бабалар мұрасын ұлықтау – ұрпақ алдындағы аманат екенін атап өтіп, киелі тұлғалар жатқан орындардың тарихи-рухани маңызына мән берілетінін, сондай-ақ инфрақұрылым тарту, құрылыс пен абаттандыру бағытында нақты шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді.
Қоғам қайраткерлері аудан басшылығына қабылдау мен қолдауға ризашылықтарын білдіріп, тарихи тұлғаларға көрсетілетін құрметтің тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті.
09 қазан 2025 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031