» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Жосалы кентіндегі Руханият орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кезекті баспасөз брифингі өтті.

Брифингке аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының міндетін атқарушы майор, Жүнісов Үсен Кенжебекұлы, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Жетебаев Ардақ Аманжолұлы және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің байланысы жөніндегі өндірістік бөлім басшысы Қалиев Темірлан Піртазаұлы қатысып, 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Атап айтқанда, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының қорытындылары, әскери есепке алу жұмыстары, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту бағытында атқарылған шаралар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы орман қорын қорғау, дала және орман өрттерінің алдын алу, табиғатты қорғау іс-шаралары, сондай-ақ жануарлар дүниесін сақтау бағытында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Ал оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің байланысы жөніндегі өндірістік бөлім басшысы аудан аумағындағы сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйі, көрсетілетін қызметтің сапасы, желілерді күтіп ұстау, жөндеу жұмыстары және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, спикерлер тарапынан толыққанды жауаптар мен қажетті түсіндірмелер берілді.

31 шілде 2026 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30