Құрылтай
» » ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Демалыс күндері Қызылорда облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің, облыстық білім басқармасының, балалардың құқықтарын қорғау басқармасының және облыстық прокуратураның қызметкерлері қатысып, тұрғындар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Ата-аналарға балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмау және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, бірлескен топтар ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды аралап, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру деректерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бақылау жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437- бабы бойынша 82 дерек, 442-бабы бойынша 271 кәмелетке толмағанның құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған 22 ата-анаға (заңды өкілге) қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
27 шілде 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 553
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 022

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031