» » СУ АЙМАҚТАРЫНДА РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СУ АЙМАҚТАРЫНДА РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің педагогтері және Қармақшы аудандық полиция бөлімі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шараға қатысты.

Іс-шараға Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Хамидулла Әзім Бауыржанұлы, сондай-ақ Қармақшы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау майоры С.Әбжаева қатысып, тұрғындар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында су айдындары маңында демалып жүрген азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару, олардың бос уақытын бақылауда ұстау және суға түсу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және төтенше жағдайларға жол бермеу бағытындағы бірлескен жұмыстар мектеп ұжымы, ата-аналар қауымдастығы және тиісті мекемелер тарапынан алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

03 маусым 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 231
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 782

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930