» » «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы



Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру деректерін анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан көлемінде ағымдағы жылдың 12-14 мамыр аралығында «Түңгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін ескертеміз.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарына, компьютерлік клубтарға, көшелер мен қоғамдық орындарға рейдтік жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдерді анықтау, ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіру және құқықтық профилактика жұмыстарын күшейту көзделген.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, олардың кешкі және түнгі уақыттағы жүріс-тұрысына бақылау жасауларыңызды сұраймыз. Әрбір ата-ана бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапты екенін естен шығармағаны жөн.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі!
13 мамыр 2026 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30