Құрылтай
» » Қызылордада түнгі профилактикалық рейд өтті

Қызылордада түнгі профилактикалық рейд өтті


«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру деректерін анықтау мақсатында Қызылорда қаласында профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті мен прокуратура қызметкерлері, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары, сондай-ақ қоғам белсенділері мен блогерлер қатысып, қоғамдық орындарда жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жүрген 54 жасөспірім анықталды. Заң талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, қараусыз қалған 3 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қызылорда облысы Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, олардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеуге шақырады.
Бала қауіпсіздігі – әр отбасының жауапкершілігі, ал Заң мен Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі.
24 шілде 2026 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31